11 желтоқсан 2020 09:20

Шошқа фермасындағы дау: кәсіпорынға 7,2 миллиард теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой ГОРОД" © "Мой ГОРОД"

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының экологияға келтірген зияны 7,2 миллиард теңге деп бағаланды. Кәсіпорынға айыппұлды төлеуіне бір ай уақыт берілді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының экологияға келтірген зияны 7,2 миллиард теңге деп бағаланды. Кәсіпорынға айыппұлды төлеуіне бір ай уақыт берілді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Облыстық экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұл кәсіпорынды тексеру нәтижелері туралы хабарлап, "Парижская Коммуна 21" ЖШС ауыл маңындағы траншеяларға көміп тастаған өндірістік және биологиялық қалдықтардың ауданы 5,6 гектар болғанын айтты.

"Бұл аймақтың ластануына байланысты шығын - 14 миллион теңге, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында траншеяның бір бөлігі қазылып, сол жерден 189 тонна қалдық шығарылды. 2018-2019 жылдары кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз жұмыс істеген", - деді Нұржан Аққұл.

Тексерушілердің сөзінше, жоба бойынша 40 мың бас шошқаның орнына фермада 50 мыңнан аса бас болды. Ферма экология департаментіне сұратылған мәліметтерді ұсынбағаны үшін қозғалды әкімшілік істер қозғалды. 

"Барлық бұзушылыққа байланысты шығын 7 миллиард 27 миллион теңге болды. Олар бір ай ішінде өтелуі керек, егер өтелмесе біз сотқа жүгінеміз. Сондай-ақ кәсіпорынға бұзушылықтарды түзету туралы ұйғарым берілді, егер олар орындалмаса, сот арқылы оның жұмысын тоқтата тұруды талап етеміз", - деді Ақтөбе облысының бас экологы.

"Парижская коммуна 21" фермасының жұмысы 2011 жылдан бері тексерілмегені анықталған. 

Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанабаевтың сөзінше, траншеядан шығарылған 189 тонна биоқалдықтардың 39 тоннасы химиялық әдіспен жаратылған, бұл бойын жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Ақтөбе облыстық ветеринарлық инспекция басшысы Темірбек Нұртазиннің айтуынша, шошқаның бір басын сойған кезде 8,5 келі қалдық шығарылады. Бестамактағы шошқа фермасында күніне 300 бас шошқа сойылған, сондықтан күнделікті қалдықтардың көлемі 2550 келі болған.

Ет және сүйек қалдықтарын экструзиялау және шығару желісінің қуаты сағатына - 500 келі, барлық қалдықты өңдеуге және жемге жіберуге болады, бірақ бұл бойынша да жұмыс істелмеген. Темірбек Нұртазиннің сөзінше, ферманың жанынан 5700 келі жүк табылған, олар өртелді.  

Еске салайық, 19 қарашада Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына аққан.

Артынша Ақтөбе облысының әкімі жағдайға қатысты пікір білдірді. Оңдасын Оразалин бұл дауда екі мәселе барын, шара барысы жеке бақылауында екенін айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети