25 қараша 2020 09:55

Бестамақтағы шошқа фермасының иесі кәсіпорын қандай жағдайда жабылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/Suren Sargsyan © youtube/Suren Sargsyan

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының иесі Suren Sargsyan YouTube-каналына берген сұхбатында кәсіпорын қандай жағдайда жабылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының иесі Suren Sargsyan YouTube-каналына берген сұхбатында кәсіпорын қандай жағдайда жабылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер үкімет жабу керек деген шешім қабылдаса, біз жабыламыз. Бірақ ол бір сәтте болатын нәрсе емес. Ол жерде жануар көп. Оларды пайдаға асыру үшін уақыт керек. Егер шешім қабылдаса! Бірақ біздің әлі екі жылымыз бар. Несиені төлеуіміз керек. Одан бөлек, біз аудан бюджетіне миллиондаған салық төлейміз, ол мешіт, мектеп, мұғалімдердің жалақысын төлеуге және тағы басқасына кетеді", - дейді "Парижская коммуна" ЖШС құрылтайшысы Гайк Тертерян. 

"Егер біреулер айтқандай кәсіпорынды жапсақ, жануарларды қоректендірмей, суармасақ, олар өліп, эпидемия басталады да ауыл тұрғындарын оқшаулауға тура келеді", - дейді ол.    

Кәсіпкердің сөзінше, шошқа фермасында шамамен 400 адам жұмыс істейді, одан бөлек, сатушылар мен қайта өңдеу жұмыстарымен айналысатын адамдар бар. 

Тертерян шошқалар ешқандай санитарлық норманы бұзбай бағылып жатқанын айтады. Кәсіпкер ауыл тұрғындарына үндеу жасады. 

"Мен бәріне сәлем айтамын. Уайымдамай-ақ қойсаңыздар болады. Біз бұл мәселені шешеміз. Барлығы заң аясында болғанын қалаймын", - дейді ол. 

70 жастағы кәсіпкер Қазақстанда тұрып, қызмет етіп жүргеніне 40 жыл болғанын айтады. 

"Қазақстанда менің немерелерім туды, бұл мекенде менің ата-анам жерленген", - дейді Тертерян. 

Еске салайық, 19 қарашада Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына ағып жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин жағдайға қатысты пікір білдірген еді.

"Ауыл тұрғындарымен кездестік. Жалпы алғанда, экология департаментінен, ветеринарлық бақылау комитетінен, жер инспекциясынан тиісті мемлекеттік органдардан 10 адамнан тұратын бастамашыл топ құру туралы уағдаластық. Тиісті органдар комиссия құрды. Қазір келіп түскен өтініштер бойынша тиісті рұқсат құжаттары рәсімделіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Тексеру барысында тиісті шаралар қабылданады", - деді әкім орынбасары.

Артынша Ақтөбе облысының әкімі жағдайға қатысты пікір білдірді. Оңдасын Оразалин бұл дауда екі мәселе барын, шара барысы жеке бақылауында екенін айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети