16 маусым 2019 18:04

Сұлулық салоны қызметкерін өлтірді деген ерлі-зайыпты күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Үш апта бұрын Алматыдан шығатын жолда (Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылына жақын маңда) іс-түссіз жоғалып кеткен 40 жастағы Батура Мамедова өлі табылды. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үш апта бұрын Алматыдан шығатын жолда (Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылына жақын маңда) іс-түссіз жоғалып кеткен 40 жастағы Батура Мамедова өлі табылды. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция мәліметінше, әйелді өлтірді деген күдіктілер ұсталған. 

"Алматы облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен Батура Гадированы (қайтыс болған әйелдің күйеунен алған тегі - авт. түсіндірмесі) іздеу барысында оның жоғалуына қатысы бар екі адамды ұстады. Соңғы рет әйелді Алматыда көргенін ескере отырып, жоғалып кеткен адамды іздестіру шарасы Түрксіб ауданында тіркелді. Кейін іздеу шараларына Алматы облысының полицейлері де жұмылды. Олар хабар-ошарсыз кеткен әйелдің барлық бағытын бақылап, оның жоғалуына қатысы бар ерлі-зайыптыларды ұстаған. Іздестіру шаралары барысында әйел тонаудың құрбаны болуы мүмкін деген болжам қарастырылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері

Облыстық полиция өкілдері күдіктілердің Алматыда тұратын ерлі-зайыптылар екенін анықтаған. Олар жалға алынған автокөлікпен жеке адам тасымалдаумен айналысқан. 27 мамырда марқұм жолаушы ретінде солардың көлігіне отырған. Әйел өлгеннен кейін отбасылық жұп оны көміп тастаған. 

"Екі адам, ер мен әйел анықталды. Оларға ұрлық және кісі өлтіру бойынша айып тағылған. Күдіктілер жәбірленушінің мәйітін жерлеген орнын көрсетті. Екеуі де ұсталды және қамауға алынды", - деп нақтылады полицейлер. 

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды және сараптамалар тағайындалды. Тергеу шарасымен Іле аудандық полициясы айналысады. 

Әйелдің екі баласы болған. 

Батура Мамедова 27 мамырда із-түссіз жоғалып кеткен. Әйел кешкі уақытта жұмысынан шығып үйіне қайтып келе жатқан. Қалада ол сұлулық салонында жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет үйге келе жатырмын деп хабарласқан. Қаладан облысқа ол бірнеше көлік ауыстыруға (автобуспен және таксимен) мәжбүр болған екен. Туыстарының болжамы бойынша, оны біреулер тонап, ұрып кеткен болуы мүмкін. Жоғалып кеткен күні ол өзімен қомақты сома алып жүрген және бағалы әшекей бұйымдары болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети