20 желтоқсан 2016 12:15

Таиланд полициясы қазақстандық азаматтың неден көз жұмғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC.com © BBC.com

Қонақүй терезесінен құлаған қазақстандықтың неден көз жұмғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын Пхукетте болған еді.


Қонақүй терезесінен құлаған қазақстандықтың неден көз жұмғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын Пхукетте болған еді.

"Полиция баянаты бойынша, тергеу ер адам оқыс жағдайдан мерт болды деген шешімге келді. Өзіне қол жұмсау болды деген де болжам бар. Бірақ көз жұмған қазақстандықтың туыстары мұндайға себеп болмағанын айтады (...) Ер адамның мәйітін "Эйр Астананың" Бангкок-Алматы рейсімен бейсенбі күні елге жеткізеді", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінінің өкілдері. 

Мұның алдында Қазақстан азаматы Темірлан Рысқұлов тұрып жатқан қонақүйдегі бөлмеден Таиланд полициясының сыраның бірнеше бос шөлмегін тапқаны хабарланған болатын. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ер адам қонақүй терезесінен таң ата секіріп кеткен. Ол құлаған кезде оң аяғын сындырып, сол жақ бетін жарақаттаған. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізген, алайда ер адам аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети