Талдықорғанда атыс шығарған ер адам ұсталды

13 Тамыз, 09:30
0

Талдықорғанда ойын-сауық кешенінде атыс шығарған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін аппарат жиналысы барысында Алматы облысы әкімі Амандық Баталов ІІД басшылығынан ойын-сауық мекемелерінің бірінде болған оқиға жайлы сұрады. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта күдіктінің ұсталғанын және травмат қаруы тәркіленгенін айтып, жауап берді", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, көңіл көтеру мекемелерінің жұмыс кестесі қайта қаралатыны айтылады. Бұл мәселе қала мәслихатының алдағы сессияларында қаралады екен.

Еске салайық, сенбіге қараған түні Талдықорғанның үшінші ықшамауданының тұрғындары атыс естігенін хабарлаған. Оқиғаның видеосы қаладағы танымал пабликтердің бірінде жарияланды.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай