27 тамыз 2021 09:26

Теміртауда дәрігерлер марқұмға "вакцина салынды" деп есеп берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © pexels.com Иллюстрация. © pexels.com

Қарағанды облысында қайтыс болған адамға вакцина салынды деп құжат толтырған медицина мамандарына қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қарағанды облысында қайтыс болған адамға вакцина салынды деп құжат толтырған медицина мамандарына қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті медициналық жұмысшыларға қатысты ҚР ҚК-нің 385-бабы "Көрінеу жалған құжат жасау және сату" бойынша істі тергеп жатыр. 

Бұл факт Қарағанды облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті COVID-19 вакцина алғандардың арасында коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітімге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

"Теміртау қаласының 59 жастағы тұрғыны жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылғанға дейін вакцинаның бірінші компонентімен егіліп қойған деп белгіленгендер арасында бар болып шыққан. Бес күннен кейін бұл азамат COVID-19-дан қайтыс болды. Алайда, ол қайтыс болғаннан кейінгі күні базада ер адам вакцинаның екінші компонентін алды деген есеп пайда болған. Бұл, әрине, олардың алғашқы вакцинаны алуына күмән келтірді", - деп түсіндірді полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы Алмаз Саламатов.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті инстанцияларға сауал жолданды. Тергеу барысы Облыстың ПД басшылығының бақылауына алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети