07 наурыз 2017 09:20

Тергеудің жай-жапсары: Қостанайлық дәрігер 20 мың доллар үшін өлтірілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда облыстық психиатрлық ауруханасының бас дәрігерін өлтіру үшін тапсырыс беруші 20 мың доллар берген. Бұл туралы Qostanay.TV Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 


Қостанайда облыстық психиатрлық ауруханасының бас дәрігерін өлтіру үшін тапсырыс беруші 20 мың доллар берген. Бұл туралы Qostanay.TV Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Іс материалдарына қарағанда, қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдікті оның әріптесі - Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдина (1972 жылғы). Тергеудің нұсқасы бойынша, қылмыс алдында дәрігерлердің арасында кәсібіне байланысты жанжал шыққан. Бұл кісі өлтіруге тапсырыс беруге себеп болған делінеді. Рашида Сандыбаеваның Изалдинаны әшкерелейтін мәліметі болған-мыс. Осыдан кейін Сандыбаеваны өлтіру туралы тапсырысты Изалдина бұрынғы емделушісіне берген. Ол оған 20 мың доллар төлеуге уәде берген. Ал ол өз кезегінде тағы екі адамды жалдап, соңғы екеуі 20 ақпанда кісі өлтірген. 

Еске салайық, 20 ақпанда бас дәрігер Рашида Сандыбаева өлі табылған еді. Оған өз пәтерінде шабуыл жасалған. Оған белгісіздер 30 рет пышақ ұрған. Туыстары мен жақындарының айтуынша, жарақаты бұдан да көп болған. "Жәбірленушінің бетінен жарақаты көрініп тұрды, кастетпен ұрған сияқты. Денесінде сау жері жоқ. Рашида Қожахметқызының тойтарыс бергісі келгенін, босап шығуға әрекеттенгені көрініп тұр", - деді марқұмның құрбысы. 

Ал бір апта өткеннен кейін полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен үш адамды ұстады, олардың ішінде 1977 және 1991 жылғы екеуі қамауға алынды. Үшіншісі, бейресми мәлімет көздерінің сөзі бойынша, Талғар емханасының емделушісі екен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынбаған. Күдіктілерді полицейлер бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Кісі өлтіргеннен кейін екеуі қаладан қашып кеткен, олар Қарағандыдан ұсталды.

Таяуда Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдинаны екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Айта кетейік, Зәуреш Изалдинаның әкесі облыста белгілі адам екен. Ол көп уақыт бойы Қостанай облыстық Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтер көрсету саласын бақылау жөніндегі Комитеттің басшысы болған. Қазіргі уақытта Қуаныш Ақбаев комиссия төрағасы, Қостанай облысы бойынша денсаулық сақтауды дамыту институтының өңірлік сарапшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети