27 наурыз 2021 15:43

"Тиісе бастады". ШҚО тұрғындары полицейге айып тақты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары полиция қызметкеріне айып тақты. Ақпарат расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары полиция қызметкеріне айып тақты. Ақпарат расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоға түсінік берді. Онда ер адам әдепсіз сөйлеп, кадрдан тыс тұрған әйелдерге оқталады. Оны басқа біреу ұстап тұр.

"Курчатов қаласының полиция қызметкері Дархан бізге тиісе бастағанда біз қыздармен кафеде отырдық. Оған "Бізге қол тигізде!" дедік. Бірақ тағы бір ескертуден кейін ол полиция қызметкеріне жат әрекет жасай бастады. Бізді қорғап қалған ер адам болмаса, не боларын білмеймін де! ШҚО полиция департаментінен осы полиция қызметкеріне қатысты шаралар қабылдауды сұраймыз", - деді зардап шеккен қыздар әлеуметтік желілерде.

ШҚО ПД өкілдері оқиғаға түсінік берді.

"Аталған дерек бойынша ШҚО ПД қауіпсіздік басқармасы дереу қызметтік тексеру жүргізді, қызметкердің кінәсі анықталды. Аталған факт тәртіптік комиссияда қаралды", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, ШҚО ПД басшысының 26 наурыздағы бұйрығымен ер адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, бөлімшенің басшылары қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети