03 тамыз 2021 16:57

Тоқаев Наталья Слекишинаға рақымшылық жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Слекишинаға рақымшылық жасады. Ақпаратты Президент жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Слекишинаға рақымшылық жасады. Ақпаратты Президент жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көп жағдайда рақымшылық жасау кездейсоқ қылмыс жасаған адамдарға қолданылады. Наталья Слекишина жағдайында рақымшылық жасау актісі құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан оған жасалған зорлық-зомбылық дерегін мемлекеттің мойындауымен де байланысты. Түрмедегі зорлы-зомбылық бүкіл әлемде адамға тәуелді жағдайын қолдана отырып, қатыгездік жасау формаларының бірі саналады", - деді Эльвира Әзімова.

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Натальяға қатысты барлық мән-жай назарға алынғанын, осыған байланысты бұрын сот қылмыстық жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанын қосты.

"Сол кезден бастап бес жыл бойы ол өзін үлгілі ана ретінде көрсетіп, өз бетінше жұмысқа орналасты және экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етті. Пробациялық бақылау кезеңінде оның мінез-құлқына шағымдар түскен жоқ. Қазақстан Президенті қабылдаған рақымшылық жасау актісі - бұл мейірімділік пен ізгілік, мемлекет тарапынан сенім актісі", - деп қосты Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, ІІМ тарапынан осы жағдайдан тиісті сабақ алу өте маңызды. Мұндай қылмыстарға жол бермеу және оларды жасағаны үшін кінәлілерді қатаң жазалау шаралары қабылданады.

"Қазіргі уақытта ІІМ түбегейлі реформаларды, соның ішінде пенитенциарлық жүйе іске асып жатыр. Жүргізіліп жатқан реформалар азаматтардың қадір-қасиетіне қол сұғудың мұндай жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деп қорытындылады омбудсмен.

2015 жылдың мамырында Наталья Слекишин сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Ол "Ірі мөлшерде мүлікті ұрлау үшін жасалған қарақшылық" бабы бойынша кінәлі деп танылған.

Абақты сақшыларынан зорландым деген Слекишинаның өзі не үшін сотталған?

Сол жылдың қазанында Слекишина колония қызметкері Руслан Хакимов зорлағанын айтты. 2016 жылдың жазында ол босанып, қыз туды. Руслан Хакимов 9 жылға сотталды.

2017 жылдың 3 ақпанында Наталья Слекишина бостандыққа шықты, өйткені желтоқсанның соңында Іле аудандық соты әйелдің жазасын өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети