12 тамыз 2016 12:10

Абақты сақшыларынан зорландым деген Слекишинаның өзі не үшін сотталған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы қаласында тергеу абақтысының сақшыларынан зорландым деген Наталья Слекишинаның өзі не үшін сотталғаны туралы қылмыстық істің мәліметтері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылдың мамыр айында Алатау аудандық сотының үкімімен Жамбыл облысының 32 жастағы тумасы Наталья Слекишинаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлімі, 2-тармағы ("Қарақшылық, аса iрi мөлшерде жымқыру") бойынша сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.


Алматы қаласында тергеу абақтысының сақшыларынан зорландым деген Наталья Слекишинаның өзі не үшін сотталғаны туралы қылмыстық істің мәліметтері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылдың мамыр айында Алатау аудандық сотының үкімімен Жамбыл облысының 32 жастағы тумасы Наталья Слекишинаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлімі, 2-тармағы ("Қарақшылық, аса iрi мөлшерде жымқыру") бойынша сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Сотта келтірілген дәйектерге сәйкес, 2015 жылы Наталья Слекишина екі сыбайласымен өзінің азаматтық некеде тұратын күйеуінің үйіне (ол өзі де сол үйде тұрған) қарақшылық шабуыл жасап, кейін үйді біреулердің тонап кеткенін хабарлаған. Іс материалдары бойынша, осы іске дейін Слекишина мен оның азаматтық күйеуі арасында отбасылық жанжал шығып, күйеуі айырылысатынын айтқан.

"Слекишина ойына алған қылмыстық істі жасау үшін 27.01.2015 жылы 21.00-де өзінің танысы Р.Б. Жексенбаевты шақырған. Ол сол кездері ақшадан қатты қысылып жүрген. Екеуі келісіп, қылмысты жасау үшін істі егжей-тегжейлі ақылдасқан, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын үйге заңсыз кiріп бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірген", - делінген іс материалдарында. Жасалған шабуылға тағы бір адамның қатысы бар болып шықты.

2015 жылы 28 қаңтарда таңғы уақытта ер адамдар үйге баса-көктеп кірген. Осы кезде үйде тек Слекишина мен азаматтық күйеуінің анасы болған. Олар оның енесін байлап, соққыға жыққан. Ал Слекишинаның өзі қасақана қарсылық көрсеткен болып, айғайлай бастаған. Қылмыстық іс материалдарының мәліметі бойынша, қылмыскерлер үйден бағалы заттарды, ұялы телефондарды және ірі көлемде (7400 доллар мен 799 мың теңге) ақша ұрлаған. Бір қызығы, ұрланған 7400 доллар сомасындағы қаражат Слекишинаның өз ақшасы екен. Қылмыскерлердің ақшаны өзара бөлісіп алғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, азаматтық күйеуі бұл қылмысқа дейін әйелінің көзінше аса ірі көлемдегі ақшаны санағанын айтыпты. Алайда ол ақшаны үйінде сақтамаған. Сондай-ақ, 33 жастағы Наталья Слекишинаның осыған дейін сотты болғаны, сұлулық салонында тырнақ бояушы болып қызмет еткені анықталды.

Сот барысында айыпталушы Наталья Слекишина өзіне тағылған айыптармен келіспеген. Алайда қалған екі сотталушы оның шабуыл жасауға қатысы бар екендігін мәлімдеген. Қоңыраулар детализациясын тексеру барысында Слекишина қылмысты жасауға дейін бірнеше рет сыбайластарымен хабарласқан және енесін қортқытқан пышақты жасырмақ болған.

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының үкімімен үшеуі де сегіз жыл бас бостандығынан айырылған. Олар жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өткізеді және мүлкі тәркіленеді.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірденуші сол Слекишина болып шығады. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын.

Осыған дейін ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берген еді. Кейінірек Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақты қызметкері ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети