09 қыркүйек 2021 14:37

Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс: адвокат қазақстандықтардан қолдау сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Томирис Байсафа Томирис Байсафа

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның анасының адвокаты Евгений Яворский айыпталушы Муртузали Меджидовты Қазақстанда соттауға рұқсат алуды қалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның анасының адвокаты Евгений Яворский айыпталушы Муртузали Меджидовты Қазақстанда соттауға рұқсат алуды қалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Евгений Яворский Қазақстанның бас прокуратурасына тиісті өтінішпен жүгінуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Мен бұны басқа қазақстандық адвокаттармен талқыладым, пікірлер екіге бөлінді. Техникалық тұрғыдан бұл мүмкін, бірақ бұл үшін саяси ерік қажет. Прокуратураға хабарласпас бұрын, біз жұртшылықтан қолдауды сұраймыз. Мәселе - өте маңызды", - деді адвокат Евгений Яворский.

Адвокаттың айтуынша, егер зардап шеккен тарапты қоғам қолдаса, ел басшылығының осы бағытта шешім қабылдауға мүмкіндігі болады.

"Біз өтініш жазып жатырмыз. Қыздың өлтіргенін дәлелдейтін медициналық зерттеулер бар, басқа да бірқатар дәлел қолымызда. Ол жақтағы ықпалды ата-ананың, Ресейдегі сыбайлас жемқорлық схемаларының жолын кесе алмадық. Басқа ел болғандықтан қыздың анасы ешқандай түсіністік пен қолдау таппай отыр", - деп қосты ол.

Евгений Яворскийдің айтуынша, мұндай тәжірибе басқа елдерде бар.

"Неліктен біз азаматтарымызды қорғау үшін мұндай тәжірибені енгізе алмаймыз? Біз қоғамның қолдауына мұқтажбыз. Егер жай ғана өтініш жазсақ, бұл мәселе жылы жабылып қала ма деп қорқамыз", - деп қорытындылады адвокат.

Бұған дейін Мәскеудегі сот Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігінің ұлы Муртузали Меджидовты ақтап алған болатын.

Марқұмның анасы Жанна Ахметова да бұған дейін Муртузали Меджидовтың Қазақстанда сотталуын қалайтынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети