25 ақпан 2022 14:57

Тұрғындарды несие алуға мәжбүрлеген: Ақтөбеде үш топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Ақтөбеде тұрғындарды қорқытып, несиеге смартфон алуға мәжбүрлеген үш топ ер адам анықталды. Алайда полицейлер арызды қабылдамаған, өйткені жәбірленушілер гаджетті "өз еркімен" сатып алған. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде тұрғындарды қорқытып, несиеге смартфон алуға мәжбүрлеген үш топ ер адам анықталды. Алайда полицейлер арызды қабылдамаған, өйткені жәбірленушілер гаджетті "өз еркімен" сатып алған. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбедегі криминогендік жағдайды талдау облыс орталығында бопсалау жиілеп кеткенін көрсетті. Соталды тергеу барысында бір топ жастар 18 жасқа толған ерлерді тоқтатып, қорқытып-үркітіп, шағын несие беру ұйымдарынын бірнеше ұялы телефон сатып алуға мәжбүрлегені анықталды. Содан кейін олар тауарды сатып, қаражатты өзара бөліскен", - деді Дәулембаев.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары осындай жағдайлардың бәрінде тауарды өз еркімен сатып алу негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.

"Алайда қабылданған шешімдердің заңдылығын зерделеу нәтижелері бойынша прокуратура мұндай шешімдерді бекітуден бас тартты, себебі жәбірленушілер мен күдіктілер бұрын бір-бірін танымаған, тауарлық несие күш қолданумен алынған.

Қосымша тергеу қорытындысы бойынша аудан прокуратурасы процессуалдық шешімдерді келісіп, үш топқа қатысты айыптау актісін бекітті. Алты адамнан тұратын топтардың бірінде кәмелетке толмағандар бар", - деп түсіндірді Дәулембаев.

Сот мемлекеттік айыптауды қолдап, айыптау үкімін шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети