23 сәуір 2021 15:03

Түркістан облысында ер адам баладан қозысын күштеп тартып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістан облысында ер адам бақташы баладан қозысын күштеп тартып алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысында ер адам бақташы баладан қозысын күштеп тартып алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би ауданы тұрғыны полиция өкілдеріне бақташы баладан қозыны күштеп тартып алғанын айтып берген. Әйел белгісіз ер адам ұлынан еділбай тұқымды қозысын тартып алған.

"Шығын сомасы 60 мың теңге. Учаскелік инспекторлар жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаға қатысты күш қолданған күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында ер адам жайылымда қой бағып жүрген жасөспірімді байқап, "қой өрісіме кіріп кетті" деген сылтаумен бір қозыны күшпен тартып алғаны анықталды. Қозы иесіне қайтарылды", - деді полиция.

Бұл дерек ҚР ҚК-ның 389-бабы "Өзiнше билiк ету" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети