25 қараша 2022 16:42

Түркістан облысында журналисті өлтірмек болған бұрынғы шенеунік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік пен оның сыбайластары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік пен оның сыбайластары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Бауыржан Майрихов енді 11 жылын темір торда өткізеді.

Ал қылмысты ұйымдастыруға көмектескен үш ер адам 10 және 13 жыл аралығында жаза арқаласа, оқ атқан жалдамалы адам 12,5 жылға сотталды.

"Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауда олардың бұрын сотталмағаны, жәбірленушінің үш сотталушыға қатысты кешірім бергені, сондай-ақ үш сотталушының асырауында жас баласы болуы, барлығының да бұрын сотталмағаны назарға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Қасым Қалмағамбетов.

Еске салайық, биыл қаңтарда журналист Амангелді Батырбековтің үйіне киллер келіп мылтықпен атқан. Бірақ жалдамалы киллер журналисті оның ұлымен шатастырып алған. Денесіне бірнеше оқ тиген 31 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, емделіп шыққан болатын.

Көп ұзамай шабуыл жасағандар ұсталды. Қолға түскендер кісі өлтіруге Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов тапсырыс бергенін айтқан. Себебі шенеунікке журналистің өзі туралы бірнеше өткір мақала жазғаны ұнамаған. Сондықтан өзінің көмекшісіне 5 миллион теңге беріп, тілшінің көзін жоюды тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети