09 қараша 2021 10:23

Түркістанда танымал брендтердің кір жуғыш ұнтақтары қолдан жасалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан тұрғыны әлемге әйгілі брендтердің кір жуғыш ұнтақтарын өндіретін жерасты цехын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Түркістан тұрғыны әлемге әйгілі брендтердің кір жуғыш ұнтақтарын өндіретін жерасты цехын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам заңсыз жолмен танымал брендтердің ұнтақтарын жасаған. Оларды 2,3 және 6 килограмм қаптарға бөліп салған. Ол ведомство қызметкерлері ұйымдастырған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұсталған.

"Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден аса ұнтақ қаптамасы, 20 килограмдық 100-ден аса ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен қаптамалар тәркіленді. The Procter&Gamble Company компаниясына зор залал келтірілді. Ұйымдастырушыға 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарланды қаржы мониторинг агенттігінде.

"Контрафактілік тауарларды өндіру, сату - миллиард көлеміндегі айналымды қамтитын жаһандық мәселе. Бұл мемлекетке де, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен қатар, киім мен балалар ойыншықтарынан бастап тамақ пен дәрі-дәрмектерге дейін контрафактілік өнімдердің әсері бар. Қаржы мониторинг агенттігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізіп жатыр", - деп толықтырды ведомстводан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети