ҰҚК Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады

31 Қаңтар, 14:15
0
© knb.gov.kz
© knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көпкезеңді арнайы операция жүргізу барысында 97 келі марихуаны тәркілеп, өңірлік есірткі тобының қылмыстық іс-әрекетін құрықтады. Бұл туралы ведомствоның аспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлғалар қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

2018 жылы ҰҚК Алматы қаласы аумағында есірткі заты заңсыз айналымының 14 фактісі анықталды, есірткі затының халықаралық заңсыз айналымы бойынша 5 дерек анықталып, құрықталды. Нәтижесінде, 36 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз айналымнан 84 келі есірткі заты және жүйкеге әсер ететін заттар, оның ішінде 74 келі героин және 8 келі синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Есірткі затын заңсыз контрабандалық тасымалдау, сондай-ақ ұлтаралық қылмыстық топтарға қатысу фактілері бойынша 12 адам ұсталып,  оның ішінде екеуі шет ел азаматы, қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Алматы қаласында 11,9 келі жоғары сапалы Ауған героинін (спогетта орамасында жасырылған 39 брикет) сату барысында Ауғаныстан және Пәкістан екі азаматының ұсталуы, ҚР ҰҚК органдарының есірткі затының заңсыз айналымымен күресу аясында тиімді жұмыстары үлгісінің бірі болып саналады.

"Сонымен қатар, ҰҚК келіп түскен жедел мәліметтерді талдау Қазақстан Республикасында синтетикалық есірткі заттарды тарату қоғам үшін, әсіресе жастардың арасында қолжетімділігіне және тауардың арзандылығына байланысты қауіп төндіретін күрделі мәселеге айналғанын көрсетеді. Есірткі затының Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен  Еуроодақ, Ресей, АҚШ, Мексика және Қытай елдерінен халықаралық пошта жөнелтілімдері және логистикалық компаниялар арқылы келіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Өткен жылы, шетел серіктестіктерімен бірге 3 халықаралық операция жүргізілді, заңсыз айналымнан МДМА 1056 таблетка және 0,2 келі синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Жүйкеге әсер ететін есірткі затын дайындау бойынша жасырын есірткізертханаларда жұмыс істеуді ұйымдастыратын және Интернет-ресурстары арқылы есірткі затын таратумен айналысатын қылмыстық топтың іс-әрекеті жойылды. Заңсыз айналымнан 5 келіден аса синтетикалық есірткі заты және 500 келі химиялық қоспа тәркіленді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай