02 қараша 2022 16:04

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі курьерінен 30 келіден аса гашиш табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көп кезеңді арнайы операцияны іске асыру барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын елордаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 29 қазанда Полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушысы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, есірткілердің жалпы салмағы - 32 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети