13 шілде 2021 10:57

ҰҚК арнайы операциясы: киік мүйізі контрабандасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

8 шілдеде ҰҚК киік мүйізін заңсыз өндірген және Қазақстаннан Қытайға контрабанда ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызыметіне сілтеме жасап.


8 шілдеде ҰҚК киік мүйізін заңсыз өндірген және Қазақстаннан Қытайға контрабанда ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызыметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтап, арнайы операция жүргізген.

Ведомство мәліметі бойынша, арнайы операция барысында мүйздің ірі партиясын шетелге шығаруды көздеген қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталған.

"Жалпы салмағы 700 келі болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың бас", - делінген ведомство хабаламасында.

Сурет: ҰҚК

ҰҚК мәліметі бойынша, ҚР ҚК-ның 339-бабының 2-бөлігі ("Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау") бойынша іс қозғалған.

"Соталды тергеп-тексеру шеңберінде заңсыз әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, киік мүйізінің қосымша партиясы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети