12 қыркүйек 2019 17:38

ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.


Фото: ҚР ҰҚК

"Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып  алу кезінде ұсталған", - делінген хабарламада. 


Фото: ҚР ҰҚК

Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети