16 ақпан 2023 13:09

ҰҚК өкілі Челахтың үндеуі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Архив сурет: ©Владимир Прокопенко Архив сурет: ©Владимир Прокопенко

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың апелляциялық шағымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың апелляциялық шағымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Шекара қызметінің директорынан 2012 жылы "Арқанкерген" бекетінде болған оқиғаға қатысты бар шындықты айтамын деген Челахтың мәлімдемесіне қатысты пікір беруін сұрады.

"Бұл жерде пікір беру артық деп ойлаймын. Оқиға болған жылы қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде жағдай толық анықталды деп ойлаймын. Оның не айтқысы келетінін білмеймін. Қылмыстық іс жүрді, тергеу толық көлемде өтті, бұл нәтижелер қисынды соңына дейін жеткізілді. Егер мәлімдемелер болса, соған қарайық, әңгіме не туралы екен, өйткені қазір оның не айтарын білмеймін", - деді Ерлан Алдажұманов.

Оның айтуынша, Шекара қызметінің қызметтік ұстанымы тергеу ұстанымы мен соттың қорытындысына сәйкес келеді.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челах "Арқанкерген" бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдегенін хабарлаған болатын. Челах 2012 жылдың мамырында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети