06 мамыр 2023 17:30

ҰҚК Шекара қызметі Каспийдің шекаралас суларында 58 адам ұсталғанын хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері Қазақстанның өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқықбұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталған. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдары тәркіленген.

"Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді. 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 миллион теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети