20 маусым 2023 11:00

ҰҚК: Текетіресте жүрген екі қылмыстық топ "кездесу" ұйымдастырмақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Өскемендегі қылмыстық "текетірестің" алдын алу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК Өскемендегі қылмыстық "текетірестің" алдын алу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 15 маусымда ҰҚК Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолын кесті.

Операция барысында қала кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушылары ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген", - делінген хабарламада.

Күдіктілерден 2 "Макаров" тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, "тегіс ұңғылы шолақ мылтық", дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленген.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети