"Ұлымның сау жері қалмаған". Маңғыстауда өлтірілген жігіттің анасы

25 Қазан 2018, 09:55
0
"Ұлымның сау жері қалмаған". Маңғыстауда өлтірілген жігіттің анасы - © lada.kz
© lada.kz

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысындағы 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты істі бақылауға алды, - деп хабарлайды "ИнАктау".

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеуге күдікті ретінде 33 адам тартылды, олардың 12-сі қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізуше бағытталған жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяуда қылмыстық іс сотқа жолданады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Лада" мәліметінше, қайтыс болған жігіттің анасы 40 күннен соң қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Күмісай Құлназарованың айтуынша, Серік сол күні достарымен кездесу үшін Ақтауға кеткен. Бірақ сол күйі оралмаған.

Осыған дейін БАҚ-тарда жігіттердің арасында төбелес шығып, нәтижесінде оқ атылғаны жайлы жазылған болатын. Бірақ, анасының айтуынша, Серікті әбден ұрып-соққан.

Құлназарова ұлы мен оның досы Райымбекті екі көліктің жүксалғышына мәжбүрлеп отырғызып, Қошқар-ата зиратына қарай апарғанын айтады. Содан бір топ болып оларды өлгенше ұрып-соққан. Серік алған соққылардан есінен танған. Ал досы Райымбек өмір бойына мүгедек болып қалған екен.

"Ұлымды ұрып-соққандар жануарлардан да жаман. Оларды Қошқар-ата зиратына әдейі апарған, онда ойларына келгенін істеп, ұрып-соққан. Темір заттармен ұрған. Жәбірлеп, қорлаған. (...) Ұлымның сау жері қалмаған. Оған қараудың өзі қорқынышты болды, бүкіл денесі қан болды. Есін жинамастан көз жұмған. Зұлымдар қолына түскен затпен ұрып-соғып, қорлаған. Қалайша мұндай қатыгез болуға болады", -дейді анасы.

Құлназарова ұлының өліміне кінәлілердің жауапкершіліктен құтылып кетуінен қорқатынын айтады.

Еске сала кетейік, тамызда Манғыстау облысының Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 19 жастағы жігіттің өлтірілгені жайлы хабарланған болатын. Оқиға 9 тамызда болған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай