27 қаңтар 2022 13:41

Вакцинация паспорттарын сату: Павлодар облысында дәрігерлер рақымшылыққа байланысты жазадан құтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында екпе паспортын сатқан дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер рақымшылыққа байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында екпе паспортын сатқан дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер рақымшылыққа байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Павлодарда екі емхана қызметкерлерінің вакцинация паспортын қолдан жасау дерегі былтыр шілдеде анықталған. Факт ҚР ҚК-ның 385-бабы 2-бөлігі "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу" бойынша тіркелген. Бұл бап бойынша дәрігерлерге 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тергеушілердің айтуынша, дәрігерлер ақылы түрде жүздеген жалған құжат жасаған. Полиция күдіктілердің арасында менеджер, дәрігер және екі медбике бар екенін айтты. Былтыр қарашада жергілікті емхананың медбикелерінің бірі жалған екпе төлқұжаттарын сатқаны үшін 160 000 теңге алғаны белгілі болды. Алайда павлодарлық дәрігерлердің ісі сотқа дейін жетпеген. Соталды тергеп-тексеру барысында медицина қызметкерлері рақымшылық жасау туралы өтініш берген.

"ҚР ҚК-нің 11-бабы 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 385-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзу дерегі ауырлығы орташа қылмыстарға жатады және осы заңның қолданылу аясына жатады. "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заңының заңды күшіне енуіне байланысты қылмыстық істер ҚР ҚІЖК 35-бабы 1-бөлігі 3-тармағы негізінде тоқтатылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Өңірлік ПД күдіктілер мемлекетке келтірілген шығынды толығымен өтегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети