19 қыркүйек 2022 12:56

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/meirzhach_tv Фото:instagram.com/meirzhach_tv

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық соттың мәліметінше, танымал блогер тағы бір ай қамауда отырады.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 күнге ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды", - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, 10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети