Яна Легкодимованың өлімі: сотталғандар “Қара бүркіт“ колониясына жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Яна Легкодимованың өлімі: сотталғандар “Қара бүркіт“ колониясына жіберілді Галина Легкодимованың Instagram-аккаунтынан алынған фотосурет

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов жазасын өтеу орнына жіберілді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов жазасын өтеу орнына жіберілді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚАЖК мәліметінше, сотталғандар 19 сәуірде арнайы вагонмен жеткізілген.

Колония туралы не белгілі?

Бұған дейін Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов жазасын Қостанай облысындағы №39 төтенше қауіпсіздік мекемесінде - Қазақстандағы осындай деңгейдегі жалғыз колонияда өтейтіні туралы жазған болатынбыз. Бұл жер "Қара бүркіт" деген атаумен кеңінен танымал.

Бұл - еліміздегі ең жабық әрі қатаң күзетілетін түзеу мекемесі. Мұнда өмір бойына сотталғандардың барлығы, соның ішінде өлім жазасы шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғандар жіберіледі.


Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Легкодимованың анасының сауалы

Бұған дейін марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталғандардың жаза өтеу орнына қашан жіберілетінін түсіндіруді сұраған болатын.

Яна Легкодимованың ісі бойынша үкім 2025 жылғы 17 қарашада шықты. Сот 24 жастағы Ризуан Қайыржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты қызды өлтіріп, оның мүлкін жойғаны үшін кінәлі деп тапты.

Айыптаулар жиынтығы бойынша екеуі де төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тергеу барысында Легкодимова мен Қайыржановтың 2022 жылдан бері таныс болғаны, бір университетте оқып, қарым-қатынаста болғаны анықталды. Өлімге өзара жанжал себеп болған: қыз жігіттің басқа біреуге үйленгелі жатқанын біліп қойып, бұл туралы қалыңдығына айтатынын жеткізген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған екі азамат бұрын істі болмаған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.49   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер