15 қараша 2023 17:39

Зайырлы құрылымды құлатуды көздеген: ҰҚК экстремистік топ мүшелерін ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтары бейтараптандырды.

Терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша күдікпен оның 12 мүшесі бірмезгілде ұсталды", - делінген хабарламада.

Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан.

"Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар айқындалды.

Топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар".

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети