09 ақпан 2021 18:00

Зорлық құрбаны болған қыз экс-прокурор мен банкирге шығарылған сот үкіміне пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Зорлық-зомбылық құрбаны болған қыз экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді. Ол әйелдер қауымын зорлық-зомбылыққа төзбеуге және өз құқығын қорғау үшін соңына дейін күресуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Зорлық-зомбылық құрбаны болған қыз экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдірді. Ол әйелдер қауымын зорлық-зомбылыққа төзбеуге және өз құқығын қорғау үшін соңына дейін күресуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен айыптау үкіміне ризамын. Бұл үкім мен көрген сұмдықты өтейді деп санаймын. Зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектің бәріне соңына дейін күресіңіз дегім келеді. Әділет жеңіске жетеді", - деді ол.

Жәбірленуші адвокаттары - Жанна Оразбахова мен Әлия Омарованың айтуынша, сот барысы күрделі өткен. Куәгерлер сотқа келуден бас тартқан. Сот жабық режимде болғанына қарамастан, судья тараптарға бұқаралық ақпарат құралдарына болып жатқан жағдайды айтуға тыйым салды. Ол шешім конституцияға қарсы.

"Біз үкімге ризамыз, жәбірленушінің көрген зорлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оқиға бір жыл үш айға созылған. Қысым, қудалау, қауіп - бәрі болды. Бірақ айыпталушылардың 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімі әйелдерге үлкен үміт берді. Сотқа, прокурорға және біздің тергеушіміз Олеся Журавлеваға объективтігі үшін алғыс айтамын", - деді адвокат Жанна Уразбахова.

Айта кетейік, Алматыда бұрынғы прокурор мен банктің топ-менеджеріне зорлау ісі бойынша үкім шығарылған болатын. Материалдар № 2 Бостандық аудандық сотында қаралды. Олар кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети