Жұманованы ұрып-соққан адамның кім екенін анықтау қиынға соқпайды - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұманованы ұрып-соққан адамның кім екенін анықтау қиынға соқпайды - ІІД Бота Жұманова. © Facebook

Алматы қалалық ІІД өкілдері Бота Жұманованы ұрып-соққан адамды анықтаудың қиынға соқпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 12 қазанда Алматы қаласында журналист қызға жасалған шабуыл бойынша брифинг өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық ІІД өкілдері Бота Жұманованы ұрып-соққан адамды анықтаудың қиынға соқпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 12 қазанда Алматы қаласында журналист қызға жасалған шабуыл бойынша брифинг өтті.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, танымал журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуыл дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Күдіктінің шабуыл әрекеттері үйдің кіреберісіндегі камераға жазылып қалғандықтан, оның түрін де анық көруге болады.

"Видеожазбада күдіктінің түрі анық көрінеді, сондықтан оның кім екенін анықтау қиынға соқпайды", - деді Әзірбек. 

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. 

Оқиғадан кейін бір күн өткенде соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, Алматыда журналист қызға шабуыл жасаған адам жайлы мәлімет берген адамға кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов сыйақы жариялады. Бұл туралы кәсіпкер Facebook желісіндегі өз парақшасында жария етті.

Осыдан кейін қазақстандықтардың ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовтан Бота Жұманованың ісін жеке бақылауына алуды сұрағаны хабарланған болатын. Үндеуден кейін Бота Жұмановаға жасалған шабуылдың тергеуі ҚР ІІМ жеке бақылауына алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети