Қазақстандық актер Лос-Анджелесте үздік актер атанды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Белгілі қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов "От" фильміндегі үздік рөлі үшін Asian World Film Festival (Лос-Анджелес) кинофестивалінде марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі PR Newswire агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов "От" фильміндегі үздік рөлі үшін Asian World Film Festival (Лос-Анджелес) кинофестивалінде марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі PR Newswire агенттігіне сілтеме жасап.

Фильмде қарапайым адамның оқиғасы баяндалады. Толик (Төлепберген Байсақалов) - мегаполисте өмір сүріп, отбасын асырауға тырысып жүрген үлкен отбасының отағасы. Ол курьер болып жұмыс істейді, отбасын аз жалақыға асырай алмай, басқалар сияқты несие алып, қарызға өмір сүруге мәжбүр. Бірақ қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан оралып, күтпеген жерден Сәуленің жүкті екенін біледі. Бұл жаңалық қызының болашағына арналған жоспарларына әсер етеді. Кейіпкер жағдайды шешуге тырысып, басынан түрлі оқиғаларды өткереді.

"От" фильмінің әлемдік премьерасы Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Комедия элементтері кездесетін әлеуметтік драманың режиссері - белгілі режиссер Қанымбек Қасымбековтің қызы Айжан Қасымбек. Бұл - оның алғашқы толық метражды жұмысы. Бұған дейін Айжан қысқа фильмдер түсірді. "От" жобасы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан қаржыландыру грантын жеңіп алды.

Осыған дейін Төлепберген Байсақалов Сочи кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін марапатқа ие болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer