“Жағажайда жүрген жоқсыңдар“: астаналықтардың киім үлгісі сынға қалды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com

Астанадағы тұрғын үй кешендерінде жазғы аптап пен ашық киім күтпеген жерден дауға себеп болды. Бірнеше қазақстандық әйел әлеуметтік желілерде сырт келбетіне байланысты көршілерінен ескерту алғандарын айтып шағымданды. Кейбір жағдайларда, әйелдердің айтуынша, мәселе тіпті учаскелік полиция инспекторына жүгінуге дейін барған. Tengri Life редакциясы мұның қаншалықты заңды екенін анықтап көрді.


Астанадағы тұрғын үй кешендерінде жазғы аптап пен ашық киім күтпеген жерден дауға себеп болды. Бірнеше қазақстандық әйел әлеуметтік желілерде сырт келбетіне байланысты көршілерінен ескерту алғандарын айтып шағымданды. Кейбір жағдайларда, әйелдердің айтуынша, мәселе тіпті учаскелік полиция инспекторына жүгінуге дейін барған. Tengri Life редакциясы мұның қаншалықты заңды екенін анықтап көрді.

Қазақстандықтардың басынан өткен оқиғалар

Елорда тұрғындарының бірі қоқыс тастауға әдеттегі жазғы топпен (жеңіл жейде) шыққанын айтады. Айтуынша, біраз уақыттан кейін онымен тұрғын үй кешенінің менеджері байланысқа шыққан.

Жарнама
Жарнама

"Маған көршілерден сырт келбетіме қатысты шағым түскенін айтты. Тіпті, егер мұндай киіммен шығуды тоқтатпасам, ақпаратты учаскелік полицейге беретіндерін ескертті. Менде сұрақ бар: ересек адамға мұндай ескерту жасауға қандай негіз бар?" - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Әйелдің сөзінше, ол қоғамдық тәртіпті бұзбаған және күнделікті киетін қарапайым киімде болған.

Бұл жазбадан кейін басқа пайдаланушылар да ұқсас оқиғаларын бөлісе бастады.

Астаналықтардың тағы бірі аулаға шорты мен футболка киіп, тапсырысын алуға шыққан кезде көршілерінің наразылығына тап болғанын жеткізді.

"Мен жай ғана шорты мен футболка киіп, тапсырысымды алу үшін аулаға шықтым. Бірақ кейін мұның тұрғындар арасында талқылау тудырғанын білдім", - делінген жазбада.

Елорданың тағы бір тұрғыны жеңіл жазғы киімі үшін кейбір көршілерінің теріс көзқарасын жиі байқайтынын мойындады.

"Маған солай көрінетін шығар деп ойлағанмын. Бірақ бірде үй чатында маған "кішкене ибалырақ киінген жөн болар, өйткені аула жағажай емес қой" деп жазып жіберді", - дейді ол.

Заңгер не дейді?

Адвокат Ербол Қанафин Қазақстанда қоғамдық орындарда немесе тұрғын үй кешендерінде азаматтардың киім үлгісін (дресс-код) реттейтін арнайы нормалар жоқ екенін атап өтті.

"Бізде киімге қатысты нақты белгіленген ережелер жоқ. Мұндай жағдайларды кейде ұсақ бұзақылық ретінде саралауға тырысады, алайда қоғамдық тәртіп бұзылмаса, бұл даулы мәселе", - деп түсіндірді Қанафин.

Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасы күнделікті қарапайым киім киюге тыйым салмайды. Ерекшеліктер заңда қарастырылған жекелеген жағдайларға ғана қатысты. Мысалы, бетті толық жауып тұратын киімдерге шектеулер немесе қоғамдық орындарда жалаңаш жүруге тыйым салу.

Учаскелік полицейді шақыруға бола ма?

Егер адам аулада, кіреберісте немесе тұрғын үй кешенінің аумағында кәдімгі жазғы киіммен - шорты, футболка, топ немесе көйлекпен жүрсе, бұл өздігінен заңбұзушылық болып саналмайды.

Басқаша айтқанда, көршілердің наразылығы немесе үй чатындағы ескертулер адамның ереже бұзғанын білдірмейді. Ал мұндай жағдайларда учаскелік инспекторға жүгінудің, егер тек күнделікті киім туралы сөз болып, өзге қоғамдық тәртіп бұзушылықтар болмаса, ешқандай құқықтық негізі жоқ.

Ербол Қанафин - Астана адвокаттар алқасының адвокаты. 2007 жылы ҚазГЗУ-ді бітірген. Жұмыс өтілі - 19 жыл.

\

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама