1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Мерекеге орай Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша елімізде қай ұлт өкілдерінің саны ең көп екенін хабарлады, деп хабарлайды Tengri Life.
2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша республикада 20 532 240 қазақстандық тұрады.
Елдегі саны ең көп ұлттар:
- Қазақтар – 14 664 202;
- Орыстар – 2 943 022;
- Өзбектер – 695 557;
- Украиндар – 367 547;
- Ұйғырлар – 309 164;
- Немістер – 222 890;
- Татарлар – 218 361;
- Әзербайжандар – 157 568;
- Кәрістер – 120 821;
- Түріктер – 93 234;
- Дүнгендер – 88 165;
- Беларустар – 73 788;
- Тәжіктер – 61 307;
- Күрдтер – 52 077;
- Қырғыздар – 41 459.
Бюро мәліметтеріне сәйкес, қазақтардың ең көп бөлігі Түркістан облысында тұрады – 1,6 миллион адам. Орыстардың жалпы санынан ең көп үлесі Алматы қаласында – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, ал 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматыда – 124 мың адам тұрады.