"Астана" велошабандозы Луис Леон Санчес Италиядның Монтевельо қалашығында өткен "Гран-при Бруно Бегелли" беделді біркүндігінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Санчес соңғы шақырымдарда (196,3 шақырым) көш бастап келе жатқан топқа шабуыл жасап, мәре сызығына дейін баымдығын сақтап қала алды.

Луис Леон Санчес бұл жеңісін Микеле Скарпонидің құрметіне арнады.
"Бүгін барлық команда жақсы жұмыс істеді. Сергей Чернецкий үш айналым бойы озық келді, ал соңғы айналымда тауға шығар жолда Михаэль Вальгрен шабуыл жасады, одан кейін мәреге бес шықырым қалғанда шабуыл жасауыма жақсы мүмкіндік туды. Жеңісіме көңілім толады, әрине, командам үшін де, өзім үшін де жақсы нәтиже. Бұл жеңісімді Микеле Скарпониге арнаймын, қолымнан келгеніне қуаныштымын. Жалпы, "Астана" үшін бұл күн сәтті - Қазақстанда Якоб Фульсанг пен Алексей Луценко жеңіске жетті. Бәріміз қуаныштымыз", - деді Санчес.
Жарыс минберіне италиялық екі спортшы көтерілді - Сонни Колбрелли и Элиа Вивиани, олар қалған қарсыластарынан оқ бойы озып келді.