Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Де Паннедегі үш күн" бәйгесіндегі қазақ велошабандозының жетістігі

03 Сәуір 2014, 12:31
0
Сурет astanafans.com сайтынан
Сурет astanafans.com сайтынан
Сурет astanafans.com сайтынан
Сурет astanafans.com сайтынан

Бельгияда өтіп жатқан велошабандоздар арасындағы үш күндік бәйгенің екінші кезеңдік жарысында қазақ велоспортшысы Руслан Тілеубаев мәре сызығын төртінші болып қиды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Де Паннедегі үш күн" (ағылшынша – Three days of De Panne) веложарысы үш күн бойы өтеді. Бірақ төрт бәйгеден тұрады. Алғашқы үш бәйгенің қорытындысы бойынша 120 велоспортшы ғана ең соңғы жекелей жарысқа қатыса алады. Яғни үшінші күні екі бірдей бәйге өткізіледі. Таңертең 112 шақырымдық қысқа бәйге, ал одан кейін спортшыларды сөреден жеке-жеке жіберетін қысқа жарыс ұйымдастырылады.

Бұл бәйгелер Бельгияның Батыс Фландрия аймағында өткізіледі. Өз кезегінде апталық «Фландрия турына» дайындық сыны ретінде ұйымдастырылады.

Осы "Де Паннедегі үш күн" велобәйгесінің екінші күнгі ең ұзақ 214 шақырымдық жарысында Руслан Тілеубеков көзге түсті. Төрт белесті басып өтетін, тар жолдағы, желге қарсы бәйгеде көмбеге төртінші болып жетті. "Астана" клубының тәжірибелі велошабандоздарынан асып түсіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Екінші күнгі сында Италия саңлағы Саша Модоло жеңіске жеткен болатын. Руслан соның артынан қалмауға тырысып, ізін басып отырған. Бірақ көмбеге жақындағанда велоспортшылар итерісіп, құлап қалмау үшін аздап тізгінін тартуға мәжбүр болыпты. Әйтпесе соңғы метрлерде Модолоның өзімен үзеңгі қағыстырар ма еді?

"Де Паннедегі үш күн" велобәйгесінің бірінші күнгі жарысында Руслан 32-орынды иеленген болатын. Қазір ол осы екі кезеңдік жарыстың қорытындысы бойынша жалпы есепте 15-орынды иемденіп тұр.

"Астана" клубының басқа велошабандоздарының көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, әзірше жалпы есепте Валенти Иглинский 47-орынды, Дмитрий Груздев 49-орынды, Андреа Гуардини (Италия) 53-орынды, Дмитрий Муравьев 81-орынды, Данилл Фоминых 116-орынды, Арман Қамышев 118-орынды иеленіп тұр. Ал Франческо Гавацци (Италия) жарыстан шығып қалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай