16 қазан 2021 16:10

Велошабандоз Алексей Луценко Италиядағы екінші жарыста жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/astanapremiertech ©instagram.com/astanapremiertech

Қазақстандық "Астана" велошабандозы Алексей Луценко екінші рет қатарынан жарыста жеңіске жетіп отыр. Ол италиялық "Серениссима Гравел" қиыршық тас жолында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Луценкодан бөлек, "Астана" үшін үш италиялық шабандоз - Фабио Феллине, Самуэле Баттистелла және Давиде Мартинелли өнер көрсетті.

Жарыс алдында Луценко бұл оның осы маусымдағы соңғы жүрісі екенін айтқан болатын. 11 қазанда велоспорттан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Италияның Ломбардия провинциясының жолымен Лиссон қаласының маңында өткен Coppa Agostoni жарысының жеңімпазы атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети