086 медицина анықтамасын бірнеше рет қолдануға болады

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

086/у медицина анықтамасын енді жылына бірнеше рет қолдануға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

086/у медицина анықтамасын енді жылына бірнеше рет қолдануға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр Асқар Жұмағалиевтің сөзінше, жақында бірнеше ведомство өкілдері бұдан бөлек қандай қызметті электрон форматқа өткізуге болатынын және қандай құжаттан бас тартуға болатынын талқылады. 

"Біз 15 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды ұсындық. 13-ін алып тастап, ал 9 бизнес процесті жеңілдетуге мүмкіндік бар екенін анықтадық. Электрон форматқа өткізуге болатын құжаттардың тізімінде 086/у анықтамасы да бар. Ол ең қажет құжат болғандықтан оны онлайн режимге өткізу азаматтар үшін маңызды. Дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін тұрғындар анықтаманы eGov арқылы алады. Яғни, пайдаланушы құжатты тез әрі оңай жеке кабинетінен не eGov mobile бағдарламасы арқылы бір жыл аралығында жүктеп, падалана алады", - дейді Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында. 

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі керек. Алдағы таңда бұл анықтама eGov порталында қазақстандықтардың жеке кабинетінде сақталатын болады. Мәселен азамат бір жылда бірнеше рет жұмысын ауыстырса, әр кез сайын 086/у анықтамасы керек болады. Бұл жағдайда ол бұған дейін жасалған медицина анықтамасын пайдалана алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 501.83  course up  519.8  course up  5.31  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer