12 тамыз 2015 13:19

Айымбетов Әскери-әуе күштерінің туын өзімен бірге ғарышқа әкетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа алғашқы сапарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің туын өзімен бірге әкетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа алғашқы сапарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің туын өзімен бірге әкетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ту оның қазақстандық армиядағы ұшу мансабының бастамасы және арманы - ғарышқа ұшуға қол жеткізгенін айқындайтын белгі", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында. Ғарышкерге ту тапсырылды.

Айта кетейік, Айдын Айымбетов 1993 жылы "ұшқыш-инженер" мамандығын алғаннан кейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 21751 әскери бөлімінде қызмет атқарып, МиГ-23 және Л-39 ұшуларды орындады.

2002 жылы ұшқыш Қазақстандық ғарышкерлердің жасағына енгізуге ұсынылған болатын. Ол ғарышкерлікке үміткерлер тобының құрамында даярлыққа кірісті. Үш жылдан соң "ғарышкер-сынаушы" біліктілігін алды. 2014 жылы оған "ҚР ӘӘК полковнигі" әскери атағы берілді.

Айдын Айымбетовтың "Союз ТМА-18 М" кемесінде ғарышқа ұшуы қыркүйектің басына жоспарланып отыр. Қазақстандық ғарышкер Сергей Волков (Ресей ғарышы) және астронавт Андреас Могенсенмен (Еуропа ғарыш агенттігі) бірге Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети