29 қаңтар 2021 09:44

Байқоңырдан оңтүстіккореялық спутникті ұшыру кейінге қалды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа шығады деп жоспарланған CAS500-2 жерді бақылау оңтүстіккореялық спутнигі 2022 жылы ұшатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа шығады деп жоспарланған CAS500-2 жерді бақылау оңтүстіккореялық спутнигі 2022 жылы ұшатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылғы қыркүйекте спутникті іске қосу 2020 жылдан 2021 жылдың басына дейін кейінге қалғаны хабарланған.

"CAS500-2-ні іске қосу 2022 жылға кейінге қалды", - деді басылымға зымыран және ғарыш саласындағы ақпарат көзі.

Тағы бір дереккөз бұл ақпаратты растады. Бұл кейінге шегерулер спутниктің дайын еместігімен байланысты.

Қазіргі уақытта Байқоңырда оған ұқсас CAS500-1 ғарыш аппараты 20 наурызда ұшыруға дайындық үстінде.

2017 жылғы тамызда "Главкосмос" компаниясы ("Роскосмос" кәсіпорны) Оңтүстік Кореяның екі спутнигін ұшыруға келісімшарт жариялады. Оларды Байқоңыр ғарыш айлағынан "Фрегат" үдеткіш блоктары бар "Союз-2.1 а" зымыранымен орбитаға шығару жоспарланған. CAS500-1 спутнигі кореялық KARI аэроғарыштық зерттеулер институтының мүддесі үшін ұшырылады, CAS500-2 спутнигі Korea Aerospace Industries компаниясына тиесілі. CAS500-1 және CAS500-2 құрылғыларының негізгі міндеті AEISS-С жүктемесін қолдана отырып, панхроматикалық және көп спектрлі режимдердегі суреттерді алу. Бұл Жерді қашықтан зондтаудың жетілдірілген ықшам жүйесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети