04 қараша 2014 18:57

Ғалымдар компьютердің қазақша сөйлеуіне көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақша айтылған сөздерді синтездеп, дыбыстайтын бағдарлама. ©Тұрар Қазанғапов Қазақша айтылған сөздерді синтездеп, дыбыстайтын бағдарлама. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан ғалымдары компьютерді қазақша сөйлететін бағдарлама жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада өтіп жатқан "Технологияны коммерцияландыру" халықаралық форумында журналистерге бағдарлама туралы Uniline директоры Рустам Мұсабаев айтты.


Қазақстан ғалымдары компьютерді қазақша сөйлететін бағдарлама жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада өтіп жатқан "Технологияны коммерцияландыру" халықаралық форумында журналистерге бағдарлама туралы Uniline директоры Рустам Мұсабаев айтты.

Жоба "Қазақ сөйлеуін синтездеу мен тану жүйесін жасау" деп аталады, яғни адам мен компьютердің сөйлесу түріндегі байланысын орнату.

"Біз ең алдымен технологияны жасаймыз. Компьютерге әлденені оқып беруге болады, ол мұны мәтінге айналдырады немесе сайтқа кіргенде ол мәтінді дыбыстайды. Қазір бұл сервис қазақ тіліне арналған. Келешекте оны басқа да тілдерге, атап айтқанда, орыс және ағылшын тілдеріне ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Адам біздің бағдарламаны сатып ала алады, оны орнатып, мекенжайын енгізеді, содан кейін, мысалы, жаңалықтар сайтына кірсе, компьютердегі бағдарлама ондағы мәтіндерді адамға оқып бере алады", - деді Мұсабаев.

Оның айтуынша, бағдарламаны сайттан сатып алуға болады, құны - 20 долларға жуық, бүгінде 11 лицензия сатылды. "Бағдарлама шеңберінде жобаның құны жылына 120 мың доллар болып тұр. Бағдарламалық өнімді жасау 2007 жылы басталды, бірақ оны коммерцияландыру байқауына 2011 жылы бердік", - деді ол.

Айта кетейік, Астанада ашылған форумға "Технологияны коммерцияландыру" бағдарламасы шеңберінде қолдауға ие болған 49 жоба қатысып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети