29 мамыр 2015 08:38

Интернетте әлемдегі ең үлкен яхтаның суреті пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 4yacht.com © 4yacht.com

4yacht сайтында әлемдегі ең үлкен Double Century деп аталатын яхтаның алғашқы суреті пайда болды.


4yacht сайтында әлемдегі ең үлкен Double Century деп аталатын яхтаның алғашқы суреті пайда болды.

Яхтаның ұзындығы 200 метр, екі футбол алаңының ұзындығына тең. Биіктігі - 26 метр. Тоғыз қабаттан тұратын қайық танымал дизайнер Кристофер Сеймурдың жобасымен жасалған. Double Century бағасы - 770 миллион доллар.

Яхтада тікұшақ қонатын екі алаң болады. Қозғалтқыштың қуаты 94 мың ат күшіне тең. Қайық сағатына 56 шақырымға дейін жүзе алады.

Әлемдегі ең үлкен қайық БАӘ Халифа Әмірлігінің президенті әль Нахайянға тиесілі. Оның ұзындығы 180 метр, ені 20,8 метр болатын Azzam атты тағы бір қайығы бар.

Azzam қайығы.

Екінші орында Роман Абрамовичтің Eclipse атты қайығы тұр. Оның ұзындығы - 163,5 метр, ені - 21,5 метр.

Eclipse қайығы.

Әлемдегі ең үлкен қайықтар.

Double Century жақын арада "әлемдегі ең үлкен қайық" атағынан айырылуы мүмкін. Себебі, ұзындығы 221 метр болатын Triple Deuce қайығы 2018 жылы тұрғызылып бітеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети