20 қыркүйек 2016 14:58

Қазақстандық стартап жарты миллион доллар көлеміндегі инвестицияға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Robo Play App қосымшасы Robo Play App қосымшасы

Балаларға арналған оқыту робот-конструкторын құрастырушылар Швейцария, Австрия және Польша инвесторларынан 500 мың долларға грант алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Robo Technologies стартапының негізін қалағандардың бірі Рүстем Ақышбеков айтып берді. 


Балаларға арналған оқыту робот-конструкторын құрастырушылар Швейцария, Австрия және Польша инвесторларынан 500 мың долларға грант алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Robo Technologies стартапының негізін қалағандардың бірі Рүстем Ақышбеков айтып берді. 

Оның айтуынша, қаражат АҚШ пен Еуропадағы ритейл-желілердегі өнімді дамытуға жұмсалады. "Біздің жоспарымыз дистрибуциялардың дүниежүзілік жүйесін құрып, әлемнің кез келген түкпіріндегі жас клиенттерге кодтау мен роботтехника туралы көңілді әрі қарапайым түрде білуге мүмкіндік беру", - деді әңгімелесуші. 

Сонымен қатар, компания Robo Play App деп аталатын қашықтықта басқарудың электрондық құрылғысына арналған жаңа қосымшаның ашылғанын жариялады. Бағдарламаның интерфейсі өте қарапайым, қосымша арқылы қолданушы өз құлтемірін оңай жолмен бағдарлап, Bluetooth немесе Wi-Fi арқылы қашықтықтан басқаруға мүмкіндік алады. Команда келесі кезеңде Robo Play App-ты видеокамера, жарық пен қозғалыс тетігі сияқты модульдермен үйлесімді етуге ниетті. 

"Бастапқыда біз 5 жасар қолданушыға да робо-кешенді басқаруға мүмкіндік беретін интерфейс жасағымыз келген. Ақыр аяғында аудиториямызды кеңейтуге және осылайша ересек аудиторияға қол жеткізуге мүмкіндік беретін платформаны жасадық. Біздің қосымша арқылы кез келген қолданушы өз "интернет-құрылғыларын" өте интуитив әрі оңай бапталатын қосымша арқылы бақылай алады. Бұл арқылы біздің роботтар жас ұрпақты ХХІ ғассырдың ақпарат әлеміне дайындайды", - деді Рүстем Ақышбеков. Robo Play қосымшасы Android және IOS құрылғыларына арналған. Қосымша Robo Wunderkind аясындағы алдын ала тапсырыс беруге болатын барлық жинағымен үйлеседі.

Еске салайық, Robo құрастырушысы "ақылды" шаршылардан тұрады, бұл шаршылардан бала өз бетінше робот құрастыра алады. Бірақ әр шаршының өз қызметі бар - әрқайсысына мотор мен түрлі тетіктер орнатылған. Өзіндік кодтарды немесе алгоритмдерді жасау үшін бала блокты араластырып, орындарын ауыстыруы тиіс. Құрылғыны смартфонмен және планшетпен басқаруға болады.  

Осыған дейін құрамына қазақстандық Юрий Левин мен украин Анна Яроцкая кірген Robo Wunderkind командасы LEGO компаниясының аудиториясына таласатынын мәлімдеген болатын. Стартап Австрияда жасалған. Мұнда Ақышбеков Вен техникалық университетінің студенті болып жүрген кезінде адамдар тобымен танысып, солармен бірге осы жобаны дүниеге әкелген. "Мен әрқашан, ҚТЛ-де және ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде оқып жүргенде-ақ технологияға қызықтым. Вен техникалық университетінде Arduino платформасында робот жасай бастадым, бұл істің достарыма да ұнайтынын байқадым. Бірақ сол уақытта электроника мен бағдарлаудың негізін білудің қарапайым әдісі болмады. Осыдан кейін мен баланың өзі құрастырып алып, еш қиналмастан бағдарлап ала алатын робот жасауды ұйғардым", - дейді Ақышбеков.  

2013 жылы олардың жобасы "Өз бизнесіңді жаса" конкурсының финалисі атанып, 10 мың доллар ұтып алған. Ал 2015 жылдың қазанында Robo Wunderkind 58 елдің 1200 адамынан 250 мың долларға алдын ала тапсырыс алған. Қазіргі уақытта команда Robo құрастырушысы арқылы қазақ тілінде оқыту жоспарын жасап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети