27 қаңтар 2014 16:22

Қытайдың айкезгіш аппаратының ақауы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың айкезгіш (луноход) роботы ақауын анықтаған ғалымдар оны қайтадан іске қосып, тексеріп көріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Юйту, сондай-ақ "Нефритті қоян" деген атаумен танымал аппараттың механикалық басқару жүйесінде ақау болған. Қытайдың айкезгіш құрылғысы жұмысының бұзылуына айдың бетіндегі күрделі бедерлер ықпал еткен делінеді. БАҚ-тағы ақпараттарға сүйенсек, ауытқушылық айда қараңғы түннің жамылуына байланысты аппараттың "ұйқы режиміне" көшуіне аз уақыт қалғанда анықталған. Өткен жолы Қытайдың айкезгіші 2014 жылдың 14 қаңтарында оянған болатын. "Нефритті қоян" Жер серігінен алынған алғашқы фотосуреттер мен бейнематериалдарды бізге жеткізіп үлгерген. Бұл туралы 2013 жылдың 16 желтоқсанында белгілі болған. Аппарат қонушы модулден ажырап шығып, екі машина бетпе-бет келуде бір-бірін фотоға түсіріп алған. Қытайдың "Нефритті қоян" атты алғашқы айкезгіші 2013 жылдың 14 желтоқсанында Жер серігіне қонған болатын. Аппарат айда шамамен үш ай болады деп жоспарланған. Қытай Айға зерттеу қондырғысын қонғызған КСРО мен АҚШ-тан кейінгі үшінші мемлекет болып табылады. Қытайдың айкезгіші спутниктің геологиялық құрылымын зерттеуі керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети