08 қаңтар 2018 11:12

Адамдар неге ашқарақ болады? Ғалымның зерттеуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gazeta.ru © gazeta.ru

Ұлыбританияның Сассекс университетінің маманы адамдарда неліктен ашқарақтық пайда болатынын айтып берді, - деп жазады The Conversation. Дженни Моррис бұл зиянды әдеттің бес себебін атады. 


Ұлыбританияның Сассекс университетінің маманы адамдарда неліктен ашқарақтық пайда болатынын айтып берді, - деп жазады The Conversation. Дженни Моррис бұл зиянды әдеттің бес себебін атады. 

Маманның пікірінше, бірінші кезекте тамақ неғұрлым үлкен үлеспен келсе, адам соншалықты көп жейді. 

Екінші кезекте дастарханға түрлі тағамды молынан қою. Мәселен мерекелік дастарханға отырған адам әдеттегіден төрт есе көп жейді екен. 

Келесі кезекте дастархан басында отырып, гаджеттерді қолдану, теледидар қарау және кітап оқу. Мұндай сәттерде адам тойғанын толық түсінбей, артық тамақ жейді. Тамақпен бірге алкоголь ішімдіктер ішу де осындай әсерге ие екен, бұл төртінші себеп. 

Тамақты артығырақ жеудің тағы бір себебі, оны көпшілікпен бірге қабылдау. Мұндай кезде "еліктеу әсері" іске қосылып, адам қасында отырғандарға ұнаған тағамдарды да татып көру арқылы артық жейтін болып шықты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети