17 қаңтар 2020 09:20

Ақтауда 14 жастағы қыздың ішегінен шаш пен ине табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/azamat.sarsenbaev © facebook.com/azamat.sarsenbaev

Маңғыстау облысында дәрігерлер 14 жастағы мүгедек қыздың ішегінен шаш пен ине алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысында дәрігерлер 14 жастағы мүгедек қыздың ішегінен шаш пен ине алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"15 қаңтарда кешке дәрігер Насуқан Отарғазиев Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында шұғыл түрде күрделі ота жасап, 14 жастағы мүгедек қыздың өмірін құтқарып қалды. Науқас балалар ауруханасына іші ауырып, ауыр халде түскен. Құрсақ қуысы ағзаларының рентгенін түсіргеннен кейін дәрігер денеден бөгде заттар тапқан", - деп жазды Facebook қолданушысы Азамат Сәрсенбаев.

Отарғазиевтің жедел отаға араласуының арқасында қыздың ішегінен шаш пен ине алынды. "Операциядан кейін асқынулар болған жоқ. Дәрігердің айтуынша, бала қанағаттанарлық жағдайда", - деп қосты Сәрсенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети