Ананың артық салмақ қосуы және диабетпен ауыруы баланың аутизмге шалдығуына әкеп соғады

01 Ақпан 2016, 17:44
0
Ананың артық салмақ қосуы және диабетпен ауыруы баланың аутизмге шалдығуына әкеп соғады - © Fotolia/ ilfotokunst
© Fotolia/ ilfotokunst

Ананың артық салмақ қосуы және диабетпен ауыруы баланың аутизмге шалдығуына әкеледі, - деп хабарлайды РИА Новости.

Pediatrics басылымының мәліметінше, ғалымдар АҚШ-та 3 мың отбасыға зерттеу жүргізген. Зерттеу жұмыстары кезінде артық салмақ қосқан және диабетпен ауыратын әйелдердің аутизмге шалдыққан баланы өмірге басқаларға қарағанда 3-4 есе көп әкелетіні анықталды.

"Біз үшін артық салмақ пен диабеттің баланың аутизмге шалдығуына нақты қалай әсер ететінін анықтау біз үшін маңызды", - деді осы салада зерттеу жүргізіп жатқан Даниель Фаллин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай