Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің қателігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің қателігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл жерде алып-сатарлық мәселесі және ақпараттық сұраныстың да өзіндік ролі бар. Беталды кінәлаудан бұрын адамның нақты дәрігердің қателігінен қайтыс болғанын дәлелдейсіз. Заңдық тұрғыда сөйлесейікші. Адам өлсе басқалар бірден "о, дәрігер кінәлі" деп шығады. Ал адамның өзінің бұған қатысы бар ма?", - деді Біртанов үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, адамдар емнен, екпеден бас тартады, ер адамдар жүкті әйелінің есепке тұруына тыйым салады, ішімдік ішіп, шылым шегеді.
"Осының бәріне дәрігер кінәлі болса, бізге дәрігердің керегі не? Бәрін таратып жіберейік, адамдар өздері тауып алсын, кітап алсын, интернеттен оқысын. Олай болмайды. Дәрігердің жұмысы өте қауіпті, ол сізге не істеу керегін шешеді. Менің де ол үшін алты жыл оқыған білімім бар, тәжірибем мен интернетте бар дүниенің барлығы. Күніне он мыңдаған мақала шығады, біреуі бірдеңе десе, екіншісі қарсы келеді. Біреуі мына тәсіл десе, екіншісі басқа дейді. Осының барлығынан кейін ол шешім қабылдауы тиіс. Дәрігер жұмысының төркіні сонда. Олар басып, басқа жаққа қоя салатын батырмалар емес", - деді министр.
Министрдің айтуынша, науқас есінен танып түсетін жағдайларда оларға шешім қабылдау тіпті қиын бола түседі.
"Егер ақпарат жеткіліксіз болса, адам айтпаса немесе есінен танған болса одан да ауыр. Егер оның қолында зерттеулердің нәтижесі болмаса, бұл дегеніміз шұғыл жағдай. Ол интуициямен шешім қабылдайды. Осы үшін ату жазасын сұрайсыз ба? Ол қателескен сайын өлім жазасын береміз бе?", - деді Біртанов.
Министрдің айтуынша, "қателік" деген сөзді "медициналық оқиға" деу керек.
"Қазірдің өзінде маған жазады - министрлік дәрігерлерді қорғамайды, дәрігерлер жаппай кетіп жатыр, осылай істей берсек бұдан әрі жаман болады. Барлығын заңды түрде жасайықта", - деді ведомство басшысы.
Біртанов дәрігер қателігі деместен бұрын, әр істе әлемдегідей тәуелсіз сарапшыларды тартып, прокуратураны, сотмедсараптаманы қатыстырып анықтап алуды сұрады.
"Мархаббат, жазаласын, ешкім қарсы емес. Дәрігер жұмысын жалғастырып жатыр, ал оған кіреберісте барлығы жұмыртқа лақтырады, кешіріңіз. Ол өзінің жұмысын істеп жүр. Құтқарып, көмектесіп. Түсінесіз бе? Ал бізде адамның орнынан кеткені керек. Қазірдің өзінде бізге 200-ден аса анестезиолог жетіспейді. Бұл өте көп", - деді министр.
Елжан Біртановтың айтуынша, қылмыстық, әкімшілік жауапқа тартылатындардың көбі анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар мен педиатрлар. Оның айтуынша, медицинасы ең үздік АҚШ, бірақ бұл елде де дәрігерлер қателігі тіркеледі.