1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

COVID-19-ға қарсы вакцинаға дейін қабылдауға болмайтын препараттар аталды 15 маусым 2021, 09:12

Адам COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанға дейін немесе одан кейін аллергияға қарсы препараттар қабылдаса, бұл иммундық қабылдауына теріс әсер
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Иллюстрация: Тengrinews.kz. Иллюстрация: Тengrinews.kz.

Адам COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанға дейін немесе одан кейін аллергияға қарсы препараттар қабылдаса, бұл иммундық қабылдауына теріс әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, мұндай дәрі-дәрмек вакцинаға реакцияны азайтуға, қызу көтерілмеуіне және екпе салынған жер ауырмауына көмектеспейді.

"Ол тек зиян тигізеді. Жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, антигистаминдерді қабылдау вакцинадан кейінгі иммундық қабылдауға теріс әсер етуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Роспотребнадзор ақпараты бойынша, антигистаминдер тиісті аллергиялық тарихы бар адамдарға ғана қажет болуы мүмкін.

"Емделуші мұндай препараттарды дәрігердің кеңесі бойынша тұрақты қабылдап жүрсе, екпе үшін оны тоқтатудың қажеті жоқ. Бірақ басқа адамдарға бұл препараттарды қолдануға кеңес берілмейді", - деді департамент өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!