09 тамыз 2022 08:51

Дәрігер кімдерге қауын жеуге болмайтынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер-терапевт, интегративті anti-age-медицина саласының маманы Ованес Давидян қауын жеуге болмайтын адамдардың санатын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.


Дәрігер-терапевт, интегративті anti-age-медицина саласының маманы Ованес Давидян қауын жеуге болмайтын адамдардың санатын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

Қауын құрамында маңызды заттар көп болғандықтан пайдалы өнімдер қатарына жатады. Ол кальций, калий, магний, В9, А, С дәрумендерінің және фолий қышқылының көзі.

"Қауын ағзадағы ауыр тұздарды кетіреді. Қауынның құрамында бар калий жүрек бұлшықетін нығайтады, денедегі артық сұйықтықты кетіріп, ісінуді азайтады. Кальций сүйектер мен тістерді нығайтуға көмектеседі, ал магний стресс секілді неврологиялық мәселелермен жұмыс істейді. Қауын құрамында кездесетін талшықтың әсерінен тағам ас қорыту жолынан тез өтіп, нәжісті жұмсартады. Осылай іш қатудан арылуға көмектеседі", - деді дәрігер. .

Маман асқазан-ішек жолдарының ауруы, панкреатит, жарасы немесе гастриті бар адамдар қауыннан бас тартуы керек деп ескертеді. Өйткені қауын шырыны асқазанды тітіркендіруі мүмкін.

"Сонымен қатар, қант диабетімен ауыратын науқастарға қауын мүлдем болмайды. Егер қауынды тамақтан кейін бірден жесе, онда ол асқазандағы тамақтың қалған бөлігімен бірге ашыту процесін жүргізіп, асқазанда қалып қояды. Бұл іш қуысында ауру тудырып, жүрек айну, метеоризм және кейбір жағдайларда құсуға алып келеді", - дейді Давидян.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети