22 шілде 2021 09:45

Дәрігер коронавирустың қауіпті салдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік невропатолог Эркин Шамсиев коронавирус ерте қартаюға себеп болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресейлік невропатолог Эркин Шамсиев коронавирус ерте қартаюға себеп болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Невропатологтың айтуынша, процестің алдын алу үшін өмір сапасын жақсарту қажет: спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және жүйке жүйесін сақтау.

"Өкінішке қарай, адам ағзасына енетін коронавирус инфекциясы өкпе тромбозын ғана емес, сонымен қатар ерте қартаю сияқты басқа да жағымсыз процестерді тудыруы мүмкін. Бұл ауру салдарынан болатын стресс жағдайында жүйкенің тозуына байланысты: вирус жұқтырған адам қажып, бойында қорқыныш пайда болады. Одан бөлек вирустың ағзаға тигізетін әсері де бар", - деді Шамсиев Бүкіләлемдік ми күнінде.

Ол өкпеге зақым келген кезде адам ағзасында газ алмасу бұзылатынын, яғни миға оттегін жеткізу процесі нашарлайтынын түсіндірді. Ауруға шалдыққан науқастар көбінесе энцефалопатияға шағымданады. Ми тіндері дистрофиялық түрде өзгеретін ауру, бұл функцияның бұзылуына әкеледі.

"Ковид орталықтарына түсетін науқастар көбінесе бас ауруы, бас айналу, жөтел, ентігу, иіс сезбеу белгілерін айтады. Неліктен иіс сезу жоғалады? Иіс сезу үшін иіс сезу жүйкесі жауап береді, оның ядросы мида орналасқан", - деп толықтырды Шамсиев.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған адам әлсіреген иммунитетін күшейтуі керек.

"Жүзумен, спортпен, фитнеспен айналысу, дұрыс тамақтану, артық салмақтан арылу, таза ауада көбірек болу, темекі мен алкогольден бас тарту қажет; егер адам витамин тапшылығынан зардап шексе, көкөністер мен жемістерді көбірек жеу керек. Басқаша айтқанда, әлсіреген иммунитетті күшейту және өмір сүру сапасын жақсарту, бұл ерте қартаюға әкелетін процестің алдын алады", - деді Шамсиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік ми күні жыл сайын 22 шілдеде атап өтіледі. Мерекені Дүниежүзілік неврология федерациясы 2014 жылы құрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети