20 тамыз 2021 09:38

Дәрігерлер COVID-19 жұқтырғаннан кейін тырнақта байқалатын белгілерді атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрированное фото: lifehacker.ru Иллюстрированное фото: lifehacker.ru

Ұлыбританиялық дерматологтар қауымдастығының президенті Таня Блейкер, адамның тырнағы арқылы бұрын коронавирус жұқтырғанын анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап. 


Ұлыбританиялық дерматологтар қауымдастығының президенті Таня Блейкер, адамның тырнағы арқылы бұрын коронавирус жұқтырғанын анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, ауру кезінде тырнақ өсуін тоқтатады. Екі-үш аптадан кейін тырнақ пластиналарында ұсақ ойықтар және Миса сызықтары деп аталатын айқын, ақшыл көлденең сызықтар пайда болады. Бұл белгілер безгек және лимфома сияқты жұқпалы аурулар кезінде де көрінуі мүмкін.

Сондай-ақ, COVID-19 науқастарында тырнақ түбінің қызару жағдайлары тіркелді, бұл ұсақ тамырлардың қабынуы салдары болуы мүмкін.

Аурудың тағы бір белгісі, аурудан кейін тырнақтың ұшы сарғыш болуы мүмкін. Бұл симптом коронавирус жұқытрған егде жастағы әйелде байқалды. Тырнақ түсінің өзгеруі диагноз қойылғаннан кейін 16 аптадан соң пайда болды және кем дегенде бір ай байқалды. Қолдың тырнақтары шамамен алты ай ішінде мүлдем өзгереді.

Бұған дейін ортопедия кеңесінің испан дәрігерлері коронавирустың жаңа және күтпеген симптомын тапты. Ғалымдар өз баяндамасында шешек немесе қызылша белгілеріне ұқсас аяқтардағы (аяқтарда, өкшелерде және саусақтарда) дақтар науқас бұрын COVID-19 жұқтырғанын көрсетуі мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети